Өлеңнің аққан көзі едім – Базар Оңдасұлы

Бұл бетте «Өлеңнің аққан көзі едім» атты Базар Оңдасұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 0
  • 6340
Қайыңның қатты безі едім,
Өлеңнің аққан көзі едім!
Сөйлер сөзге келгенде,
Шебердің құрған тезі едім!
Есіткендерді емірентіп,
Өртедім оттай өзегін!
Талай жерді таңдантып,
Қызыл тілді безедім!
Алшаңдаған Базар ем,
Амалым қанша, бір күні
Кездесер нәубет кезегім.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері