Япыр-ай – Тұрсынхан Әбдірахманова

Бұл бетте «Япыр-ай» атты Тұрсынхан Әбдірахманова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 08.08.2021
  • 0
  • 0
  • 571
Япыр-ай, шырағым,
Тыныш бір жүрмейсің
Өзгенің шырағы
Жанды деп күндейсің.
Өзіңше марқасқа
Бір алып пілдейсің,
Піл болудың мәні
Не екенін білмейсің.
Өзіңнен биікті
Кінәлап етпей жау,
Қанағат деп жүрсең
Болады денің сау.
Алланың бергені
Ол дербес несібе
Ол артып кетті деп
Күндейсің несіне.
Дертіңнің бойында
Атын біл — күншілдік.
Мерт болып қап жүрме
Ызадан тұншығып.

20.12.2001 жыл.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері