Томаға киген тау бүркіт – Қалижан Бекхожин

Бұл бетте «Томаға киген тау бүркіт» атты Қалижан Бекхожин жазған табиғат туралы өлең берілген.

  • 18.05.2019
  • 0
  • 1
  • 5023
(Бауыржан Момышұлына)

Томаға киген тау бүркіт
Қадайды көзін құздарға.
Сонда бір шыңды жаңғыртып
Саңқылдап ұшқан мұз-қарда.
Сабалап сонда қанатын,
Қиқулайтын дауылда;
Шүйілсе бұғып қалатын
Аң да, құс та, тауың да.
Енді маңы тып-тыныш
Жоқ дауыл да, тықыр да.
Отыр тарлан сұсты құс
Топшысын бүгіп тұғырда.
Мүмкін қалған із бар ма
Құзында қарлы қияның? —
Қарайды қыран құздарға
Қиялар тербеп қиялын...


Пікірлер (1)

Ерназар Нурлыбек

Керемет мен осыны 4 жасымда жаттағанмын менің жасым қазір 10 да

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері