Астана – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Астана» атты Абдрахман Асылбек жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 25.07.2019
  • 0
  • 0
  • 11309
Елордамыз Астана,
Астанамыз – бас қала.
Еліміздің бірлігі,
Жеріміздің кіндігі.
Таңдап ерке Есілді,
Астанамыз көсілді.
Тұрады онда дарындар:
Өнерпаздар, ғалымдар.
Тұрады онда даналар:
Ел басқарған ағалар.
Тұрады онда балалар:
Бәрін артық бағалар.
Астанамыз – жас қала,
Жас та болса, бас қала.
Күндеп өсіп келеді,
Гүлдеп өсе береді.
Бәйтерегі, байрағы –
Еліміздің айбары.
Елордамыз Астана,
Жасай берсін жас қала!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері