Өлең, жыр, ақындар

Ғұлама

  • admin
  • 28.07.2024
  • 0
  • 0
  • 397
(Академик Әлкей Марғұланға)

Кім екен жоқ іздеген ақша қырда,
Ізіңде адырлар көп ақтарылған.
Мелшиген Ұлытаудың обалары,
Шығармай сырды терең қатпарынан.
Жапан ғой асыр болған ығыр жаудан,
Замандар жазығынан шұғыл ауған.
Жиһанкез сол адам жүр, жоғын іздеп,
Зілзала, жер астынан шыңыраудан.
Ол солай көп тінтеді қу даланы,
Іздейді дауыл жапқан құм қаланы.
Тот басқан бақыр тапса, жер түбінен,
Алтынға кенелгендей қуанады.
Шебердей сарай құрған сынықтардан,
Жаңғыртты ол күмбездерді ұмыт қалған.
Екшелеп ертегінің жұмбақтарын,
Шешкен ол талай сырды тұйықталған.
Тұлдырдай түйін іздеп көне түзден,
Жортады баяғылар кезген ізбен.
Тарихшы Имараттан ізде оны,
Сарғайған сызбаларға көзін сүзген.
Баяндап батырларды, алмас қырлы,
Зершіл ол ашқан ердей алғаш таңды.
Шоқанның жарды соққан толқын ойын,
Саралап бүгінгімен жалғастырды.
Басы да күмбезіндей парасаттың,
Білігі – алауындай зор ошақтың.
Ұрпаққа – бабай түкті шежіре ол,
Таратқан тарауларын көне шақтың.
Бұл күнде ойы биік ел ағасы,
Халқымның мұрагері – ғұламасы.
Жая бер тамырыңды тереңдерге,
Ғылымның бәйтерегі, гүл ағашы.
1974 ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Арнау

  • 0
  • 2

Осы бір тебіренген арнау жырда
Толғанды тұнық жатқан арманым да.
Боз інген айрылғанда ботасынан,
Күйші де күңіреніп қалмады ма?

Толық

Есімде

  • 0
  • 0

Есімде, сол бір шақтар еткен бірге,
Сонау жас ақындықтың көктемінде.
Көз тіктің сүйіп албырт достарыңмен,
Өлеңнің өрісіне, өткеліне.

Толық

Кек дабылы

  • 0
  • 0

Кеудемізде кек қайнаған,
Кекпен өзен отқа айналған,
Қаһарлы айқай салған шуды,
Дүниеде кім ашулы?—

Толық

Қарап көріңіз