Түс – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Түс» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 826
Түсімде: жар тас басынан
Секіргім келді теңізге,
Тыныштық сүйгіш, ән салған,
Періште маған сол кезде:
Көктемді күт, мен жетем,
Сен адам бол дермін мен,
Тұманды түстен сергітем,
Басқан зілдей өмірден.
Музаға дауыс берер шын,
Табарсың рахат ойлаған,
Інжілдей масақ терерсің,
Егініңнен ормаған.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері