Россия түкпірінде алыста – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Россия түкпірінде алыста» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 974
Астанада шулап ыңғай сөзге ұста,
Сөйлегіштер жатыр сөзбен соғыс қып,
Россия түкпірінде алыста
Ыңсыз, жыңсыз, мәңгі-бақи тыныштық.
Тыным бермей тек қана жел соққаны,
Жолдағы ағаш басын шалып, иіп тұр,
Ұшан қиыр егіннің бас тартқаны
Құлай құшып жер-анасын сүйіп тұр.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері