Американдар таң қалады – Тайыр Жароков

Бұл бетте «Американдар таң қалады» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 21.07.2022
  • 0
  • 0
  • 928
Өлшеп,
Қиыр су жарынан
ССРО-ға
Көзін тігіп.
Көтеріліп табанынан
Америка
Тұр қараған
Киіп мүйіз көзілдірік.
«Неткен ел, – деп, –
Ерен туған.
Алыста алуан
Құрылыс құрған.
Бесжылдықты...
Қиялдаған...
Төрт жылда енді
Орындаған».
Америкалық өлшеуменен
Оларға сен
Бара алмайсың.
Не доллармен
Не тиынмен
Қызықтырып ала алмайсың.
Олар –
Нағыз адамшылық
Күш-қуатын аямастан
Аптада бір
Қалмай суып.
Тоқтамастан
Алға басқан
Бұл неткен жұрт?
Шыныққан нақ!
Оларды кім
Іске қосқан?
Қумайды оны
Ешбір таяқ,
Тәртібі нық
Көк құрыштан.
Ал, мистерлер
Ескі дәстүр
Сізде ақшаға –
Арды жалдар,
Сіз ұқпайсыз,
Іскен мистер,
Күшін біздің Коммунарлар.
Буржуй біткен
Көрді де, таң қал
Коммунистік биік жарды,
Жұмыста да аңғарыңдар,
Аэропланда,
Вагонда да
Қуып жетіп,
Озамыз біз
Жүйріксінген Американды.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері