Санаңа сыйлап бұл өмір сенім – Қанипа Бұғыбаева

Бұл бетте «Санаңа сыйлап бұл өмір сенім» атты Қанипа Бұғыбаева жазған өмір туралы өлең берілген.

  • 06.11.2021
  • 0
  • 0
  • 646
Санаңа сыйлап бұл өмір сенім,
Бақытты болар күле білсе кім.
Оңаша сәтте мені ойлап бір,
Гүлдеді ме екен жүрегің сенің?..
Өрекпиді екен несіне көңіл,
Көңілімді күзге көшіреді өмір.
Көгілдір көктем әсеріменен
Түсе бердің ғой есіме менің.
Жас қосып көктем жасыма менің,
Жассың сен әлі, жасыма дедің.
Адасып қалсам кешірші мені,
Ашылған алдан ғашық әлемім...
Оранып өткен өмірім жалын,
Барады тартып мені мұңды ағын.
Көктемде туған көктегі аймен
Сәуле шашар ма көңілім, жаным?..
Белгілі саған мекенім келсең,
Салмағын таудың көтеріп еңсең,
Бәрі де жалған, бекер бола ма,
Сен үшін жас боп өтемін деуші ем..
Өзіңнің арман, тілегіңдемін,
Көңілдің табар бір емін көңіл.
Осынау келген көктеммен бірге
Көктер ме екен жүрегім менің?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері