Ештеңе де керек емес
Бұл бетте «Ештеңе де керек емес» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Дәл осылай болатынын сезгем мен,
Ғұмырым.
Сенен кеткенмен ештеңе жоқ өзгерген,
Тірімін.
Қайырмасы:
Іздеймін кіл жалғыздықтан торықсам,
Ұмтыламын өрге кіл.
Басымды иіп өте шығам, жолықсам,
Көр де тұр. 2 рет
Өкінетін мәжнүн деп пе ең не мені,
Сәтсіздікке кез келген.
Ештеңе де керек емес, себебі,
Ештеңе жоқ өзгерген.
Қайырмасы:
Сөйлейді аспан қара жаңбыр тілімен
Сол Алматы, сол өзен.
Ағыл-тегіл жылайды рас түнімен,
Терезем.
Керемет жыр жолдары ғой. Ақынның өзін сағынып кеттім