Жыртпашы хаттарымды
Бұл бетте «Жыртпашы хаттарымды» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Менің жазған хаттарым әлі бар ма?
Ызғарлы күн жүректі қарығанда,
Табынарға табарсың кімді болсын,
Сағынарға, сағынарға..,
Демесең сағынарға,
Бәрі сонда – не күттім, не тіледім,
Нені аңсады риясыз көкірегім.
Олар менің бүр ашқан гүлдерім ғой,
Гүлдерімді, гүлдерімді..,
Өртеме өтінемін,
Жағасына жағалай ел қонбаса,
Көрікті боп көрінбес көлдер де аса.
...Бір-бір тамшы ыстық жас үзейікші, -
Сол екеуі, сол екеуі..,
Қосылсын ең болмаса,
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі