Бұл бетте «Календарьға түзету» атты Есенғали Раушанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
09.08.2020
0
0
4991
Бірінші қаңтар жаңа жыл емес,
Жаңа жыл емес наурыз да.
Жаңа жыл күзден басталу керек меніңше...
Несі таң екен аспаннан ақ қар төгілсе,
Несі таң және қылтиып көк шөп көрінсе?..
Жаңа жыл күзден басталу керек меніңше...
Күл мейлің...
Бұзылып кенет нілдей күн,
Еңсеңді басса зілдей мұң.
Жаңа жыл күзден басталу керек меніңше...
Неге екенін білмеймін...
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Конфуций
- Ахмет Байтұрсынұлы
- Азамат Төре
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі