Алла дейміз алдымен – Абдрахман Асылбек

Бұл бетте «Алла дейміз алдымен» атты Абдрахман Асылбек жазған діни тақырыптағы өлең берілген.

  • 25.07.2019
  • 0
  • 0
  • 1739
Ай нұр шашып аспаннан,
«А»-дан бәрі басталған.
Алған кезде алғы дем,
Алла дейміз алдымен.
«А» деп ауыз ашамыз,
«А» деп асу асамыз.
Арулардың аты да,
Асыл сөздер атында:
Алтын, Арай, Арайнұр,
Асыл, Ажар, Анаргүл.
Ардақ, Ақық, Алтынай,
Айман, Айжан, Ақылай.
Алма, Алқа, Айбала,
Айнұр, Айгүл, Айдана...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері