Өлең, жыр, ақындар

Рәміздерім-ұлттың басты нышаны

Рәміздерім-ұлттың басты нышаны

Әнұраным жігерімді жаниды, Қазақ елін бүкіл әлем таниды. Гүлдендірді, түрлендірді жерімді, Елін сүйген азаматтар жаны игі.

Елтаңбаммен елдігімді бәрі ұққан, Айналайын қазақ деген халықтан. Күн бейнелі шаңырағым нұр шашып, Уықтары бірлігімді танытқан.

Жұлдызым тұр жарқыраған жоғары, Қонақжаймыз арылмаған қонағы. Мызғымаса бірлігім мен тірлігім, Бағымыз боп, бақыт құсы қонады.

Ай мүйізді алтын қанат пырағым, Қайсарлықтың бейнесі деп ұғамын. Бабалардың рухынан қуат ап, Бейбітшілік күзетінде тұрамын.

Көгілдір ту бейбіт ашық аспандай, Күн шуағын қазағыма шашқандай. Қыранымыз қалықтаған биікте, Асқар шынға жол көрсетіп ашқандай.

Ою-өрнек туға көрік береді, Ел өнерін жаһан көріп келеді. Сайысқанда өнер-білім, спорттан, Ту соңынан ұл мен қызым ереді.

Рәміздерім - ұлттың басты нышаны, Адал досқа ашық қазақ құшағы. Көздегенін бағындырған қырандай, Шын-құз асып, көкте биік ұшады.

Филолог-ақын, педагогика ғылымының магистрі Бөкен Қазбек Маратұлы Қарағанды облысы Абай ауданы Курмин ауылы Курмин жалпы білім беретін мектебі
30.05.2017ж.



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз