Өлең, жыр, ақындар

Айсәуленің сөздігі

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 577
Тілі енді шығады,
Сөздік қоры санаулы!
Іс-қимылы дақпа-дақ
Шелтиіп ап танауы!
Жақсы көру дегенді
Ыммен айтса, ұғамын.
Тербеледі ырғалып,
Айқастырып құшағын!
Құс, балапан дегені –
«пітә-пітә-пітәпә»!
Екі қолын қанат қып,
Қалбаң қағып ұшады, ә!
«Барыс», «Дружоктың» да
Ит екенін біледі.
Үрсе кезек күшіктер
«Жат, әу-әу» деп жүреді!
«Бөпе» дейді өзіндей
Бала көрсе, қызықтап!
Мамасына қашады,
Бөпесінген «бұзықтан».
Тастамайды аузынан
Тым киелі бір сөзді!
Сан құбылтып айтады
«Папа» деген бұл сөзді!
Ән айтады өзінше
«Мама, папа, құдай...» деп
Амандығын тілесең,
Бір Құдайдан сұрай бер!
Пәк-періште сәбиім,
«Айсәулесім» әй-әйсің!
Жақсы сөзбен тек қана
Сөздік қорың молайсын!



Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Толқын, толқын, толқын

  • 0
  • 0

Толқын, толқын, толқын,
толқын, толқын жыр,
Толқып-толқып соғатұғын жар таппай,
Тар кемерде шалқи алмай, тасымай

Толық

Дос дегенің...

  • 0
  • 0

Дос дегенің күнде қарап, жалықтырар айна емес,
Дос дегенің шытырлатып санап алар пайда емес,
Көлеңке боп еріп жүрсе, нағыз досың ол да емес,
Дос дегенің қанжығаға байлап жүрер олжа емес.

Толық

2010-шы көктем

  • 0
  • 0

Кеңістікте ауа айналмай,
әрекетте амал қалмай
тымырсық тұр белең алып,
тіршілікте дел-сал қалып.

Толық

Қарап көріңіз