Тәтті қыз – Қалампыр Кенжеғалиева

Бұл бетте «Тәтті қыз» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 31.12.2021
  • 0
  • 0
  • 868
Тәп-тәтті тілі былдырлап,
Балбұлақ күліп, сыңғырлап,
Шапқылап дала кезеді
Бір сәби өсіп келеді,
Айсәуле – оның дерегі!
Сәбидің тәтті күлкісі,
Ата-анасына керегі!
Енді-енді шыққан қызықтап
Тіліне балдай сүйсініп
Ғажайып әлемге енеді!
Бал тілі - бұлақ былдырлап,
Құлыншақтай құлдырап,
Дүбірлі қазақ даласын,
Думанға бөлеп жүрсінші
Айсәуле - Қали ата баласы!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Осы автордың басқа өлеңдері