...Сен едің кеше шолжың қыз
- 0
- 0
...Сен едің кеше шолжың қыз,
Ащының дәмін татпаған.
Төбеңде жайнап шоқ жұлдыз,
Төсекте тыным таппаған.
Бұл бетте «Сасықкөлге сапар (Мағжанымның ауылына)» атты madinakuzairova жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
...Сен едің кеше шолжың қыз,
Ащының дәмін татпаған.
Төбеңде жайнап шоқ жұлдыз,
Төсекте тыным таппаған.
Тайжақы киген жоқ едім,
Тастадым тайға бұғалық.
Бозбалалықты жебедім,
Бойымды билеп бұлалық.
Санына садақ ілдірмей,
Сағым боп ақты күндерім.
Сақтадым сабыр білдірмей,
Сырымды ұғар кім менің?!
Тауға қарай көшті бұлт,
Тазартып аспан айнасын.
Қоюлай түсті кешкі ымырт,
Керді де көкте ай қасын.
Табылмай жүрек дауасы,
Күн болмай құмар бір қанар,
Жанымның шалқар даласы
Жамылған шақта ұлпа қар,
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі