Тереземнен телміреді – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Тереземнен телміреді» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 691
Тереземнен телміреді
Түн дүлей,
Аңдып отыр қимылымды мүлгімей.
Далада – аяз,
Өзек те – аяз.
Саршұнақ,
Кірпігіме мұз қатады сүңгідей.
Соқты боран күртік қарға
Малтығып,
Шарбақта – уіл,
Жүректе – уіл,
«Шалқыдық».
Сарсаң ойға қор болдым-ау лажсыз,
Жабағыдай бөрі жеген талқы ғып.
Тылсым әлем.
Көк пен жерің тұтасқан,
Көрінбейді көңілімнің құты – Аспан.
Мәңгүрт түнің малжаңдайды
Қи шайнап,
Тірлігімнен кетіп тұр ғой
Тұтас мән.
Қуыс кеудем азынайды...
Ұқпаймын,
Жұтып тынар жүрегімді
Жұт-қайғым...
Құрсауынан мына түннің құтылсам,
Қарсы алдымнан шығатындай шыттай Күн.
Уайымың қарап тұрсам – ит.
Батам,
Кетіп қалды бойымыздан күйт, ботам.
... Шарылдаған жылауықтай,
Тым зар жақ,
Қу боранды қайтсем енді
«Ұйықтатам?..»


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тереземнен телміреді өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Тереземнен телміреді өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тереземнен телміреді өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тереземнен телміреді өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері