Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан
Бұл бетте «Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан» атты Жұмекен Нәжімеденов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Менікі ғой, менікі ғой бұл аспан,
Көкжиегі келешекпен ұласқан.
Мына жаздың қызғалдағы – үмітім,
Ұлы жердің кеудесінде гүл ашқан.
Шың басына тұрсын мейлі қар құйып,
Дүниеде нелер биік – Ар биік.
Көк жалғызы – ай да менің арманым,
Арманым ғой әлемдегі бар биік.
Арман, арман! Ол да мендік, өзімдік,
Көтерейін, кетерейін төзім ғып.
Күн шыққанда – Күншығыс боп оянып,
Күн батқанда – Күнбатыс боп көз ілдік.
Көк жүзіне адам ізін салды, әне,
Менікі ғой жақсы күндер алдағы.
Жақсылықтың бәрі... бәрі – меншігім,
Менікі емес, менікі емес қалғаны!
- Уильям Шекспир
- Лев Шестов
- Лев Шестов
- Лев Шестов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі