Сағыныш шілдесі – Әділбек Ыбырайымұлы

Бұл бетте «Сағыныш шілдесі» атты Әділбек Ыбырайымұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 21.02.2021
  • 0
  • 0
  • 693
Жаным менің жырым-жырым,
Жақыбай,
Кешіп келем,
Көр-жеріңді тат, лай.
Бәдәуилеу күллі өмірім,
Қалғаны –
Бір сәтіме қатар жүрген татымай.
Жанарыңа кіреуке мұң байланған,
Мен де сенің аққуыңа
Айналғам.
Қапас күннің қамырығын жеп жүрсің,
Мен де жедім,
Айырылып айнамнан.
Қарашығың мөлідей тым
Нілденген,
Сұлулығың –
Сұқ қадалып, тілденген.
Тұла бойың көгілдірден аумайтын,
Басқа айдынға қонарыңды білгем мен.
Арман, арман.
Арамызда
Ақ арман,
Жас ағады жабыққанда жанардан.
Өткен күннен ештеме жоқ қашық тым,
Ойлай-ойлай шашымыз да
Ағарған.
Жаным менің жырым-жырым,
Жасыған,
Бір сорлымын бағы тайған басынан.
Түйеқарын секілденіп,
Жел қуған,
Өзім білмес әлдеқайда
Асығам ...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сағыныш шілдесі өлеңінің авторы кім?

Әділбек Ыбырайымұлы — осы өлеңнің авторы.

Сағыныш шілдесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сағыныш шілдесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Әділбек Ыбырайымұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сағыныш шілдесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері