Бостандықтың алғашқы күні. Жалғыздық

Бұл бетте «Бостандықтың алғашқы күні. Жалғыздық» атты Төреғали Тәшенов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 23.02.2021
  • 0
  • 0
  • 1069
(Тәуелсіздік алдындағы елең-алаң)

СССР – жоқ!
Қалайша?!
(Жан-халім ұқ!)
Тұрып қалдым аң-таң боп,
сәл қамығып.
Жалтақтаймын жан-жаққа,
бір-ақ сәтте
Үйсіз қалған адамдай,
аңтарылып.
Бақ па, сор ма?! –
басымнан ұшқан бүгін,
(Жарты жолда қалғандай басқан жүгім).
Ұшарымды –
білмеймін –
қонарымды,
Осындай ма ең,
оңай ма ең,
БОСТАНДЫҒЫМ!?.
Ұқтырып тұр
шыққан Күн,
аспан нені?! –
Қарап тұрып көзіме жас келгені...
Ескі үйімнің есігі мәңгі жабық.
Жаңа үйім жоқ...
О, Құдай, ескер мені...

1991 жыл


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бостандықтың алғашқы күні. Жалғыздық өлеңінің авторы кім?

Төреғали Тәшенов — осы өлеңнің авторы.

Бостандықтың алғашқы күні. Жалғыздық өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Бостандықтың алғашқы күні. Жалғыздық өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Төреғали Тәшенов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Бостандықтың алғашқы күні. Жалғыздық өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері