Мұқағали!Еңсесі зор,қадірлі елеулі есім – Омар Закиров

Бұл бетте «Мұқағали!Еңсесі зор,қадірлі елеулі есім» атты Омар Закиров жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Мұқағали!
Еңсесі зор,қадірлі елеулі есім,
Шын ақын жасырады елден несін.
Толғанып төгілгенде өлең шашу,
Ұрпаққа қалдырыпты өнегесін.

Сыршыл ақын өлең,жырға бар өмірін арнаған,
Әр сөзіне жұмсақ жүрек кең пейілі орнаған.
Поэзияның түпкілікті мағынасын түсініп,
Поэзияның аспанында қыран құстай самғаған.

Қарасаздың топырағы,салқын желі, тауыда,
Боздайтындай атамыздың өр бейнесін сағына.
Тіл өнері тоқырауға ұшыраған кезінде,
Мұқағали атам туды қазағымның бағына.

Сәби жүрек,боз баланың,қарттың жүрек сырын да,
Үш бақыттың,бар бағасын,атап айтқан жырында.
Абай,Мағжан тұлғалардан кейін бастап көш басын,
Ақындардың ақыны еді Мұқағали шынында.

Жүрегінің арызын,жүз өлеңмен толтырып,
Ұрпақ үшін жүрегінен шыққан сөзді
мол қылып.
Кейбір жазған өлеңдерін ел шырқап жүр ән қылып,
Тәуелсіздік туы астында,төрімізде жаңғырып,
Өлеңдері өз орны бар,бұл бас байлық ұрпаққа,
Мұқағали өлгенімен,өлең өлмес мәңгілік!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Мұқағали!Еңсесі зор,қадірлі елеулі есім өлеңінің авторы кім?

Омар Закиров — осы өлеңнің авторы.

Мұқағали!Еңсесі зор,қадірлі елеулі есім өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Мұқағали!Еңсесі зор,қадірлі елеулі есім өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Омар Закиров өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Мұқағали!Еңсесі зор,қадірлі елеулі есім өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Ұқсас өлеңдер

Басқа да жазбалар