Жаурадым-ау тыңдап күздің әнін көп – Құралай Омар

Бұл бетте «Жаурадым-ау тыңдап күздің әнін көп» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1236
Жаурадым-ау тыңдап күздің әнін көп,
«Жылыт» деп ем, неге өртедің жалын боп?
Қанатымның қауырсынын өрт шалған,
Қоштасар ем, қоштасуға әлім жоқ.

Халім осы. Өң мен түстің арасы.
Жүрегімнің ұлғайыпты жарасы,
Ертегіге сеніп қалар балаша
Жымиюға жетер емес шамасы.
Сары-сары жапырақтай солғаным.
Басқан ізім, барар жерім, жол да мұң.
Тәтті еді ғой, жақсы еді ғой, қайтейін,
Қуанышым, күйінішім болғаның.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері