Бұл бетте «Катуллаға еліктеу» атты Тайыр Жароков жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
(Еленаға)
Дариға-ай! Сүйсем соның отты көзін,
Мың рет сүйгім келіп ойнар сезім.
Күйдірсем көз отына ерінімді мен
Татыр ед бір сүйгенім жүз жылға тең.
Сүюден жан шаршар ма, жаны жалғас,
Деймін тек сүйсем екен сені көрсем,
Сүйіскен ерінді ешкім айыра алмас,
Үзбей тек сүйе берсем, сүйе берсем!
Сүюдің болмаса екен шегі жаңа,
Нәр шырын піскен дәндей мөлдіреген,
Алмаймын айрылысуды ойыма да,
Айныман өзіңнен бір өмірде мен.
1804
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі