Ендi қашан жүздесем?

Бұл бетте «Ендi қашан жүздесем?» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 730
Ендi қашан жүздесем?
Тап болып ең тағдырыма күзде сен.
“Сағыныштан сарғайттың ғой бар ма едi бiзде есең”
Деп тәңiрге тiл қатып ем түндерде.
Салқындапсың.
Егер сүйсең, арамызды үзбес ең.
...Аппақ қарда iзiм жатыр – iздесең...
Ендi қашан кездесем?
(Көп iшiнен түсiп едiң көзге сен)
Алқымыңа тығылған айтарыңды сезбесем,
Кешiр менi...
“Жыр оқышы”
...Үнсiздiк...
Түсiнбедiм, бұрындары өзгеше ең.
...Аппақ қарда кетiп барам – өз көшем...
Ендi қашан жетемiн?
Жанарымның моншағына толып кеттi етегiм.
“Жұлдыздарға сыр шертiп отырады жеке кiм?”
Деп сұрама.
...Аппақ-аппақ әлемде қар қызы ән салады,
Құлағыңа жете ме үн?..


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ендi қашан жүздесем? өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Ендi қашан жүздесем? өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ендi қашан жүздесем? өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ендi қашан жүздесем? өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері