Жол неткен бұралаң – Құралай Омар

Бұл бетте «Жол неткен бұралаң» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 02.03.2021
  • 0
  • 0
  • 794
Жол неткен бұралаң,
Жолыға алмадым.
Өзімді күн сайын алдадым
Келер деп,
Жанымды бақытқа бөлер деп.
Содан соң... тістелді бармағым.
Көтере алам ба салмағын?
Мың батпан сағыныш, күдік пен үмітті...
Түсімде жолығып, өңімде жете алмай
Жүргенім жігерді үгітті.
Іздедім...
Көшелер... халді ұқпас біздегі
«Күдерді үз» деді.
Тек жаңбыр аймалап жүзімді
Мен болсам, өзіңді өлгенше күтетін
Жапырақ боп кеттім күздегі.


Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)

Осы автордың басқа өлеңдері