Миды жаншып, ой салмақтап еңсеге – Құралай Омар

Бұл бетте «Миды жаншып, ой салмақтап еңсеге» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 1059
Миды жаншып, ой салмақтап еңсеге,
Күйкі өмірден көңіл кейде жығылып.
Күнді көрмей отырамыз кеңседе
Күнкөрістің қамы үшін тығылып.
Жіпсіз байлап, жібермейді тіршілік,
Тұтқынымын бостандық пен өзімнің.
Қарай берем құбылаға түршігіп,
Қадап қойып қарашығын көзімнің.
Сұп-сұр қала сұр тастарды төсеген.
Асығыстау жұрт тобына ерем де,
Кешке қарай ию-қию көшеден
Ұйқас іздеп келе жатам өлеңге.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Миды жаншып, ой салмақтап еңсеге өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Миды жаншып, ой салмақтап еңсеге өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Миды жаншып, ой салмақтап еңсеге өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Миды жаншып, ой салмақтап еңсеге өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері