Өкiнiштiң оты өртедi өңештi – Құралай Омар

Бұл бетте «Өкiнiштiң оты өртедi өңештi» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 677
Өкiнiштiң оты өртедi өңештi,
Үңiлгенде дәптерiме өңi ескi.
Ақ қағазда есiмiң – мәңгi өшпес,
Жадымдағы бейнең бiрақ көмескi.
Тек есiмде... ұмытпадым күлкiңдi,
Жанарыма сансыз маржан iркiлдi.
Жүрегiмде астаң-кестең ақ боран,
Жадыратып қойғаныммен сыртымды.
Сағынсам да жете алмадым, қайдасың?
Әлде айналып кеткенбiсiң Айға шын.
Әлде менен өзге сұлу жолығып,
Баурап алып асырды ма айласын.
Бақытыңды тапсаң бастан таймасын.
Көзiме тек бiр көрiншi...
Қайдасың?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкiнiштiң оты өртедi өңештi өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Өкiнiштiң оты өртедi өңештi өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкiнiштiң оты өртедi өңештi өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкiнiштiң оты өртедi өңештi өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері