Өкпемді жаза алмай кеткенмін – Құралай Омар

Бұл бетте «Өкпемді жаза алмай кеткенмін» атты Құралай Омар жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.

  • 04.03.2021
  • 0
  • 0
  • 911
Өкпемді жаза алмай кеткенмін,
Өкпеңді айта алмай кектендің.
Жаныңды ауыртар, білемін,
«Қош бол» деп кеткені көктемнің.
Бәрін де, бәрін де сеземін,
Таппады жүрек пен көз емін.
Өткенге оралғым келмейді,
Өртеніп жатса да өзегім.
Төземін, мейлі мұң меңдесін,
Бар ойым, болса да сенде есім.
Көрмеуге бекіндім, жаныңды
Мен емес, күрең күз емдесін.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Өкпемді жаза алмай кеткенмін өлеңінің авторы кім?

Құралай Омар — осы өлеңнің авторы.

Өкпемді жаза алмай кеткенмін өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Өкпемді жаза алмай кеткенмін өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Құралай Омар өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Өкпемді жаза алмай кеткенмін өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері