Қырғыз қызына – Хамит Есеман

Бұл бетте «Қырғыз қызына» атты Хамит Есеман жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 19.09.2021
  • 0
  • 0
  • 1050
Айылдан келген нәзік қыз,
Ақынның болшы сырласы.
Біз де бір өлең жазыппыз,
Құлағың салып тыңдашы.
Сөйлесем сөзім жете ма,
Ал енді, тыңда өтінем.
Қазақтар қалай екен, ә...
Ұнайтын шығар шетінен.
Өрімі бөлек жандайсың,
Сезімнен көрген сүйініш.
Сен қазақ бола алмайсың,
Айтары жоқ ол қиын іс.
Кетпегей босқа мұнда кеп,
Бекерге қарап тұрмайық.
Ақын көп бізде, жыр да көп,
Қосылып қане ырлайық.
Мендей қазақты бұл кеште,
Тұңғиық ойға батырсаң;
Сыйлар ем саған ыр-десте,
Ыстықкөл жаққа шақырсаң.
Көкейге сыйла мол үміт,
Айылдың арғы жағынан.
Сол көлге бірге шомылып,
Ырласақ таңға соңынан.
Кенелер едік жұмаққа,
Шаттығын сыйлап таңғы арай.
Ол күндер келмес бірақ та,
Арман-ай, арман, арман-ай.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қырғыз қызына өлеңінің авторы кім?

Хамит Есеман — осы өлеңнің авторы.

Қырғыз қызына өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қырғыз қызына өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Хамит Есеман өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қырғыз қызына өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері