Жастық шақтың жарқырамай маңдайы –
Анар Шамшадинова
Бұл бетте «Жастық шақтың жарқырамай маңдайы» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жастық шақтың жарқырамай маңдайы,
Бәлкім өзім сәтсіздікпен тел өстім?!
Ажал – аңның кеберсіген маңдайы,
Арманымды қорғай алар емеспін.
Пәк арманым мезі болып мәңгіріп,
Шыңғырады шарасына сыймастан.
Күндеріме қасаңсыған сән кіріп,
Егіледі түндер жасын тыймастан.
Сен бе арманым, әлде мен бе озбаған,
Күміс көңіл сәбиінен алданып.
Боз інгеннің ботақаны боздаған
Балалық қап, жастық елді сандалып.
Жастығымда әлің құрып, шаршадың,
Егделікке енді қалай жетеміз?
Қаншама жыл мен тек сені аңсадым,
Енді менің мұңдарыма төтеңіз,
Енді өмірдің мазағына төтеңіз.
Сені құшам, бірге өлемін сенімен,
Бәлкім сөйтіп сорларымнан кеш қашам?!
О, арманым, қоштаспашы менімен,
Қоштасқандар оралмайды ешқашан.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі