Бұл бетте «Жанымның азабы азайып» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Жанымның азабы азайып,
Тәнімнің сырқаты басынды.
Тірліктен табылмай ғажайып
Ой емес, дерт жеді басымды.
Іссапар шеккендей күлкім де,
Дәрінің иісі алды шашымды.
Қос бүйрек ұйқысыз бұл күнде
Арманым далаға шашылды.
Жүрегім тырмысып, тырысып
Барлығын білдіріп соғады.
Тұла бой төсектен құрысып,
Бес тәулік бар денем шоқ әлі.
Ем таппай сабылған маман көп,
Түрткілеп, тудырып тақырып.
Мен жатам, жүруге шамам жоқ,
Бекетті көмекке шақырып.
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі