Тағы жалғызбын жағада
Бұл бетте «Тағы жалғызбын жағада» атты Анар Шамшадинова жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Тағы жалғызбын жағада,
Толқыннан алмай көзімді.
Келем деген ең бағана,
Тауыса көрме төзімді.
Мұңыма қанық теңізім,
Таусылма, көрме жаманат.
Жырларым жазған лебізім,
Сырларым саған аманат!
Бос арман ойда. Тағы үміт...
Мекенім сенсің маңызды.
Білсең айт, жүр ме сағынып?
Бір қазақ жайсаң, жаны ізгі?
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі