Басы саудың түгел-дүр – Жиембет Жырау

Бұл бетте «Басы саудың түгел-дүр» атты Жиембет Жырау жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.11.2015
  • 0
  • 6
  • 19217
Басы саудың түгел-дүр
Толған тоғай малы-дүр.
Тоқтамай соққан толағай
Толастар мезгіл жеткей-дүр.
Керегеге ілінген
Шабылмаған семсер тұр.
Жаудан алмай кегімді,
Есіл де өмір өткен құр.
Азап шектім аралда
Ханға қарсы тұрам деп.
Түн ұйқымды бөлгенмін,
Жұртымды жөнге салам деп.
Бас кессе де басылмай,
Ақ ісімді жасырмай,
Атқа мінген ер едік,
Қашырды бүйтіп елімнен
Күйеуден безген қатындай.


Пікірлер (6)

Үміт

Өте керемет керек дүние жазғаныңыз рахмет

Камшат

Қазақ әдебиеті пәнінен ен жаксы коретн жырауым жиембет жырау ал жиембет жыраудың жырларынан жақсы көретінім еңсегей бойлы ер есім

Қаршыға

Өте керемет маған ұнады

Қаршыға

Мағанасы не

Аружан

Маған өте қатты ұнады сыздердн маған комектерыныз тиды

Арай

Маған ұнады Себебі мен әдебиетті ұнатамын

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Басы саудың түгел-дүр өлеңінің авторы кім?

Жиембет Жырау — осы өлеңнің авторы.

Басы саудың түгел-дүр өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Басы саудың түгел-дүр өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Жиембет Жырау өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Басы саудың түгел-дүр өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері