Желтоқсан таңы – Ораз Жұмашев

Бұл бетте «Желтоқсан таңы» атты Ораз Жұмашев жазған тәуелсіздік туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Желтоқсан таңы дірілдеп ызғар,
Жүректе жылы үміт пен ізгі ар.
Ақ құстай бейбіт арманы самғап,
Алаңға шықты жігіттер, қыздар.

Қайырмасы:
Жалындап ақ тілекпен,
Жанында бақ түлеткен.
Жаудан да жасқанбаған,
Жалаңаш пәк жүрекпен,
Жас қыршын жастарым-ай.
Жұлдыздай ел көгінде,
Жандыңдар сендер бірге.
Ғасырға аттандыңдар,
Желтоқсан ілігінде,
Жауқазын шақтарындай,
Жас қыршын жастарым-ай.

Әміршіл кезең үйірді бұлтын,
Аталып ұлтшыл күйінді жұртым,
Нақақтан-нақақ Қайраттар, Ләззат,
Гүлдері солып қиылды қыршын.

Қайырмасы

Бұрқатып өткен бұл халық мұңы,
Бір дәуір сынды жыл болды ұлы.
Желтоқсан таңы жадырап қайта,
Ғасырдың бүгін нұрланды күні.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Желтоқсан таңы өлеңінің авторы кім?

Ораз Жұмашев — осы өлеңнің авторы.

Желтоқсан таңы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Желтоқсан таңы өлеңі не туралы?

Бұл шығарма тәуелсіздік туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Желтоқсан таңы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері