Сол шыршаның түбінде – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Сол шыршаның түбінде» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 13.09.2021
  • 0
  • 0
  • 576
Ыстық сәлем аитқалы келе жатқан күндерге,
Жаңа жылды тойладым толды құшақ гүлдерге.
Жастайынан кесілген топ ішінде шырша тұр,
Қаяу салып көңілге неге келдім бұл жерге?!

Енді мынау шыршада сайрамайды таң құсы,
Елестеді көзіме сом балталы нән кісі.
Азып туған ұлына көктей орыл дейтұғын,
Тійіп кетті шыршаға қай ананың қарғысы?!

Не басқалар болмаса мен шығармын сор маңдай,
Қалып қойған қалпында жамандыққа қарманбай.
Еш мақсатсыз шыршаны жұртпен бірге айналдым,
Сол шыршаның түбінде сырғам түсіп қалғандай!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сол шыршаның түбінде өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Сол шыршаның түбінде өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сол шыршаның түбінде өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сол шыршаның түбінде өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері