Қыз сыры – Мағиза Құнапияқызы

Бұл бетте «Қыз сыры» атты Мағиза Құнапияқызы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 12.09.2021
  • 0
  • 0
  • 728
Бозбаламен бірге шығып қыдырмаймын жаймаға,
Ағам үйде отырғанда қарамаймын айнаға.
Үйге қонақ келген кезде жайда қалам жағдайсыз,
Дастарқанда бірге отырып ас іше де алмайсыз.

Анам тегі қатал адам басқаратын сол үйді,
Ол кісі жоқ болған кезде маңымды ел ториды.
Біздер үшін әз анамның алаңы көп бітпеген,
Бір оқиға туылар деп алаңдайды күтпеген.

Есті азамат аз сияқты заман сырын ұғынған,
Ауылымда жігіттер көп бөтелкеге жығылған.
Қарттар жағы ақыл айтып көндіре алмай ұтылған,
Өмір бейне өзім тіккен кестелердей шытырман.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қыз сыры өлеңінің авторы кім?

Мағиза Құнапияқызы — осы өлеңнің авторы.

Қыз сыры өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Қыз сыры өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Мағиза Құнапияқызы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Қыз сыры өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері