Заман ағымы – Сәкен Сейфуллин

Бұл бетте «Заман ағымы» атты Сәкен Сейфуллин жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 26.07.2022
  • 0
  • 0
  • 5419
Өткен күн ертедегі бейне сағым.
Замана құбылады, жоқтай «бағым».
Үдере, бұлдыр қағып, тынбай аққан
Зырлаған заман шіркін сияқты арын.
Баяндап Көкшетаудың ертектерін,
Жыр қылып, күйге салдым біраз шағын.
Байлығын, жаратылыс қасиетін,
Сарын қып, күміс сымды шерттім сағын.
Адамзат бейне керуен көше бермек.
Қиырсыз өмірі жол, — кеше бермек.
Жолшыбай жас қосылып, сағат сайын,
Ескі өшіп, жаңа ер жетіп, өсе бермек.
Керуенмен тынбай алға бара бермек,
Жаңа адам жолдан қосып ала бермек.
Бүгінгі жаңа адамдар баршын тартып,
Жолшыбай шұбатылып қала бермек.
Ежелден тіршіліктің заңы солай,
Тынымсыз өзгереді керуен жолай.
Болмысын көркейтуге алас ұрып,
Ұтылап іздеп оңды, құрап қолай.
Бұл күнде тұрмыс күші емес баяу.
Қаласың лезде артта болсаң жаяу.
Керуен жынша жүйткіп шабады алға,
Жоқ онда жай аяңдап, күшін аяу.
Жүрісі көштің бұрын — аяң, ырғақ.
Ырғалып жылжушы еді керуен сырғақ,
Бұл күнде экспресс отарбаша
Құтыртып құйғытады алға зырлап.
Бұл күнде тұрмыс кеші бейне құйын,
Жүйткиді тауды, жарды көрмей бұйым.
Сан шалам сапырылып бірге ұйтқиды,
Дөңгелек ойнағандай шапқан жиын.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Заман ағымы өлеңінің авторы кім?

Сәкен Сейфуллин — осы өлеңнің авторы.

Заман ағымы өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Заман ағымы өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сәкен Сейфуллин өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Заман ағымы өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері