Жаса Қазақстан – Ораз Жұмашев

Бұл бетте «Жаса Қазақстан» атты Ораз Жұмашев жазған отан туралы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

Қиянатты замандардың қайғыларын кешірген,
Қанша қырғын болса-дағы айрылмаған десінен.
Қазақ деген халық едік хандық құрған тарихта,
Қырды құтқа толтырумен мәртебесін өсірген.

Қайырмасы:
Жаса, жаса жарқын өмір жаңарған,
Ақиқат пен әділдіктен нәр алған.
Болашаққа самғап ұшқан,
Отанымыз – Қазақстан.
Ардай, асыл ата-мекен,
Асқақтайтын ақ арман.

Бейбітшілік болсыншы деп бойлықпенен ендікте,
Бар асылды арнадық тек татулық пен теңдікке.
Құшақтасып көп Ұлтпенен ел атандық тәуелсіз,
Пенделіктің бөгеттерін парасатпен жеңдік те.

Қайырмасы

Әділдіктің нұрыменен мұң тұманы түрілді,
Шаңырақты көтердік те керегеміз тігілді.
Армандардың асқарына қанат қаққан шарықтап,
Қазақстан еліміз біз қатардағы бүгінгі.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жаса Қазақстан өлеңінің авторы кім?

Ораз Жұмашев — осы өлеңнің авторы.

Жаса Қазақстан өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жаса Қазақстан өлеңі не туралы?

Бұл шығарма отан туралы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Жаса Қазақстан өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері