Арман аққулары – Ораз Жұмашев

Бұл бетте «Арман аққулары» атты Ораз Жұмашев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Жүректері айналып от-жалынға,
Жүзіп мөлдір толқында, пәк сағымда.
Жарқылдаған жаһанның жасынындай,
Жыр боп өткен өмір-ай қас қағымда.

Өзгеше ұғып өмірдің олар құнын,
Өзегінен үн тыңдап торанғының.
Ақ қайыңмен сырласып, таң шолпанға,
Махаббатың ақтарған алау мұңын.

Қайырмасы:
Асқарлы тауын аспаған,
Аманат етіп тастаған.
Арманның аққуларындай,
Артына кеткен қайырылмай.
Жасымай сары уайымға,
Жапырақ жүрек қайыңға.
Жандарын айырбастаған,
Құдаш пен Мұқағалидай.
Қыршында кеткен дариға-ай.
Табылар ма жақсы адам,
Табынар ем нақ соған.

Қорғап жылдан, күндерден, айдан арын,
Қасым болып шалқыған бойда дарын.
Шәмші болып тербеліп ән қайықта,
Айдындарға асыққан қайран ағын.

Көкірегін кернеген көптің зары,
Өнер туын көтеріп кетті бәрі.
Тірісінде құрмет те көре алмаған,
Көңілдегі арманның аққулары.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Арман аққулары өлеңінің авторы кім?

Ораз Жұмашев — осы өлеңнің авторы.

Арман аққулары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Арман аққулары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ораз Жұмашев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Арман аққулары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері