Ақиық ақындарға – Ораз Жұмашев

Бұл бетте «Ақиық ақындарға» атты Ораз Жұмашев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

Қалғымай, қалт жібермей ілкілерін,
Ағытқан өнер десе тілшідерін.
Шабыттың шалқарына шарықтайтын,
Қазағым қайран менің жыршы елім.
Жетісу, Алтай, Арқа, Атырау деп,
Жасындай жарқылдаған ақын әулет.
Жасаған жырларымен сол мұралар,
Елімнің жан азығы асыл дәулет.

Қайырмасы:
Анадан зерек туатын.
Ақ нұрға жүзін жуатын,
Құйындай шабыт үйіріп,
Кететін төгіп құйылып,
Осындай жандар бұл ақын,
Сермеген кеңге құлашын.
Бірі, тұйғын, лашын,
Тасқындап өткен іркілмей,
Тарих боп кеткен бір күндей,
Бақтыбай, Қалқа, Қуатым.

Сұңқардай сол бабалар сұңғылалар,
Сыр төкті ел ісінен үлгі болар,
Самғатып жүректердің арман құсын,
Сақтаған салтымызбен тілді де олар.
Соларды мәңгі есте тұтармыз-ау,
Солармен шешім тапты, тұсалды дау,
Ханын да, қарасын да бас идірген,
Қаз дауыс Қазыбектер, Бұхар жырау.

Қайырмасы

Аялап, адамдықты, ақ намысты,
Ар үшін ақын жаны отқа түсті.
Апыр-ай, тағдыр неткен қатал еді,
Алдында ақиқаттың оққа да ұшты.
Жойылсын жер бетінен бұл ұяттар,
Толғайын көңіл одан бір күй ақтар,
Жаңғыртсын Жетісуды жырларымен.
Бүгінгі Сара, Қуат, Ілиястар.

Қайырмасы


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ақиық ақындарға өлеңінің авторы кім?

Ораз Жұмашев — осы өлеңнің авторы.

Ақиық ақындарға өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ақиық ақындарға өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Ораз Жұмашев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ақиық ақындарға өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері