Мүлтіксіз мүсінші –
Баянғали Әлімжанов
Бұл бетте «Мүлтіксіз мүсінші» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Хакімжан Наурызбаев рухына
Талқысынан тағдырдың
Тайсалмаған нар адам,
Өмірге де, өнерге,
Оң көзімен қараған.
Құдай сүйген құлына,
Кемел дарын беретін,
Қаратастың ішінен,
Қаһарманын көретін.
Тілін тауып тірілтіп,
Тастан мүсін қашаған,
Жарастырып дастандай,
Тұтас қауым жасаған.
Тұлғаларын даланың
Айналдырған мүсінге,
Іздегенде бейнесін,
Абай кірген түсіне.
Тегін емес, әрине,
Нұр елеске ергені,
Ақын жанды Хакімжан,
Мүсіншінің мергені.
Өнеріне қазақтың,
Бар ғұмырын арнады,
Сомдап елдің ерлерін,
Орындалды арманы.
Қыран құстай самғады,
Туған жердің көгінде,
Тұғырына қонды кеп,
Тұлға болып өзі де!
- Рымғали Нұрғалиев
- Серік Қирабаев
- Мұхтар Әуезов
- Міржақып Дулатұлы
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі