Сан ғасырдың сәулесі – Баянғали Әлімжанов

Бұл бетте «Сан ғасырдың сәулесі» атты Баянғали Әлімжанов жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 05.05.2020
  • 0
  • 0
  • 1165
Әбсаттар Дербісәлі – 70

Әбсаттар, Әбдісаттар, Ғабдісаттар,
Арайлы, алға бастап, таңғы шақтар,
Екенін кімнің құлы, кімнің ұлы,
Аттанған ер есінде мәңгі сақтар.
Тарихқа тіл бітірген тоқыраған,
Ордалы оқымысты Отырардан,
Шоқ болып сар баланың жүрегінде,
Атаның Әбунасыр оты қалған.
Кішкентай құйма құлақ құтты үйдегі,
Көкейге имандылық нық түйгені,
Көп оқып арабшаны кер кезеңде,
Ақыры қажы атанып, мүфти болды.
Қылымның сырын іздеп қиырлардан
Шаршамай шет- шалғайды шиырлаған.
Ғылымның тұңғиығын бойлап тану,
Бақыт қой, әр ғалымға бұйырмаған.
Қазына қатпар, қатпар, ал да зертте,
Сарылып сар қағазға барған бетте,
Мысырдың тылсымына тұнған сайын,
Өзі де барады ұқсап пергаментке.
Жоғалтып оғландарын дана милы,
Отына талай заман дала күйді,
Мұраны мұңға батқан талмай іздеп,
Әбекең тапты қанша Фарабиді!
Аялап ару қызды ән шығарған,
Ой қуып, ай, жұлдыздан мән шығарған,
Фарабтың тарап кеткен даналарын,
Арабтың архивінен аршып алған.
Сары құм сахарада суылдаған,
Сарыны замананың зуылдаған,
Жүк артып сандық, сандық сан ғасырдан,
Құм кешіп көш келеді қылымдардан.
Түскен із жалпақ табан буралардан,
Арабтың жазуындай бұйраланған,
Сәлдесі шуда бұлттай сәулелі жан
Керуенін туған елге туралаған.
Тоқтаусыз ой керуені алға асуда,
Ұрпаққа ұлағат боп жалғасуда,
Саналы сара жолың үзілмесін
Ілімнен шуақ шашып сан ғасырға!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Сан ғасырдың сәулесі өлеңінің авторы кім?

Баянғали Әлімжанов — осы өлеңнің авторы.

Сан ғасырдың сәулесі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Сан ғасырдың сәулесі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Баянғали Әлімжанов өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Сан ғасырдың сәулесі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері