Ләтипа лүпілі – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Ләтипа лүпілі» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.03.2021
  • 0
  • 0
  • 729
Ләтипа – жүрек орталық мейір мекені,
Ол сені ізгі биікте нұрлы етеді.
Қуаты үстем құлшынтып салар қиынға,
Әсерлі сазы ғаршыға еркін жетеді.
Ләтипа – сезім мың талшық тарам жіңішке,
Көктемдей көркі көңілді мизам жібітсе.
Періште қиял пернесін тағып әрлейді,
Ән қағып қанат, аунақшып толқыр жыр іште.
Домбыра – жүрек, Ләтипа оның – ішегі,
Әдемі толғау шанаққа шақ боп түседі.
Сырлы әуен терең ләззатқа бөлер көңілді,
Рухыңның шөлі бір қанбай оны ішеді.
Ләтипа – сезім тамыр жіпшесі тартылған,
Өнбойы оның қанағат, қайыр, ар тұнған.
Ләтипа – махаббат, Иеге деген іңкәрлік,
Бағасы артық бар ғаламдағы алтыннан.
Ләтипа – нәзік аялап оны үзбедім,
Көбейте түссем қабаты қалың тізбегін.
Ләтипа лүпілі – соғуың сондай ғаламат,
Жаңылмайын деп күйіңді күнде іздедім.
Ләтипа – намыс, оянар болса жанданып,
Жүрек құмарын іздейді өксіп, зар қағып.
Ләтипа – тілек, ырғағын тапса әуезін,
Дүние гүлденіп, нұрланар түнек жап-жарық.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Ләтипа лүпілі өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Ләтипа лүпілі өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Ләтипа лүпілі өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Ләтипа лүпілі өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері