Жолымды қара мысық – өсек кесіп – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Жолымды қара мысық – өсек кесіп» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 09.03.2021
  • 0
  • 0
  • 611
Жолымды қара мысық – өсек кесіп,
Ызадан булығамын қос өкпе ісіп.
Ауысса бір үзім нан, бір шыны шай,
Қайтып біз ел боламыз есептесіп.
Сәнің бар, ақшаң барда күшің де көп,
Тұрады алға басып ісің, демек.
Пендені сыйлар болсаң ілтипатпен,
Аллаһтың ризасы үшін керек!
Даналар кеңестерін айтады мың,
Сонда да билік құрар сайтан ұғым.
Адамнан күтпеу керек,
Жақсылықтың –
Аллаһтан күту керек қайтарымын.
Бас алға қадамыңды бағып еппен,
Бар Аллаһ бәрін білер нағыз өктем.
Оң қолдың берген қайыр-садақасын,
Сол қолың білмесін деп уағыз еткен.
Мәңгілік, айтыңдаршы, күн кешті кім?
Білінбей өте шығар бұл бес күнің.
Қоздаған өсек, өтірік, күндестігің,
Аллаһтың ақиқатын білместігің!
Батқанша надандықтың құйына мың,
Жұртыма ұрттам су боп құйыламын.
Арамнан арашалап жүрегімді,
Бас қойып Бір Аллаһқа сиынамын!!!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Жолымды қара мысық – өсек кесіп өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Жолымды қара мысық – өсек кесіп өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Жолымды қара мысық – өсек кесіп өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Жолымды қара мысық – өсек кесіп өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері