Иман тілеп, Жаратқан жалынамын өзіңе – Дәулетбек Байтұрсынұлы

Бұл бетте «Иман тілеп, Жаратқан жалынамын өзіңе» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған діни тақырыптағы өлең берілген. Өлең мәтіні, текст, өлең жолдары және толық нұсқасын осы жерден оқуға болады.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 939
Иман тілеп, Жаратқан жалынамын өзіңе,
Кетпей тұрып кездессем
бұл фәниден көз іле.
Осы күні жүректің төрін саған сыйладым,
Жеңіл етіп ертеде қосып келсем сөзіме.
Иман тілеп нұрланған көкірекке шам сұрап,
Жалынамын ұлы Аллаһ
жанардан жас тамшылап.
Қанағатты Сабырым қайтып берді бойыма,
Көнбей жатыр өр нәпсім
жаншылса да қансырап.
Иман тілеп мол азық екі әлемде ортаймас,
Қуат берер жаныма, жігер берер қартаймас.
Шапағатын Расулдың,
махаббатын сұраймын,
Өсиет қып қалтырған
сүнна бізге – жол таймас.
Иман тілеп рухыма көркемдігін аңсаймын,
Өзен болып біріккен бұлағындай әр сайдың.
Сыртыма емес, сынақ күн ішіме бер қазына,
Дәмі қалды білмеймін,
қанша күн мен қанша айдың?!


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Иман тілеп, Жаратқан жалынамын өзіңе өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Иман тілеп, Жаратқан жалынамын өзіңе өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Иман тілеп, Жаратқан жалынамын өзіңе өлеңі не туралы?

Бұл шығарма діни тақырыптағы өлең ретінде танымал. Өлеңде автор өз ойын көркем түрде жеткізеді.

Иман тілеп, Жаратқан жалынамын өзіңе өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері