Үміт сапарында

Бұл бетте «Үміт сапарында» атты Сайын Назарбекұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 07.06.2022
  • 0
  • 0
  • 638
Арман жай — Жерде ме екен,
Көкте ме екен?
Бар адам арман қуған, қайтсе жетем?
Мен Сені іздеп келем үміт етіп,
Алланың нұры жауған Мекке мекен!
Өтпесін өкінішпен қалған дәурен —
Тоқталық бұ тірлікті "жалған" деуден.
"Бұ" жақты жалғастырсақ "О" жақ пенен,
Бермей ме бәрімізге бір Аллаң дем.
Жігіттер артың күнә, алдың қандай?
Түгендел Алла алдына жарты бармай.
Тілеңдер, бес күн тірлік өте шығар,
Алладан кешірімді, қапы қалмай.

Медина-Мекке жолында. 24.10.2003.


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үміт сапарында өлеңінің авторы кім?

Сайын Назарбекұлы — осы өлеңнің авторы.

Үміт сапарында өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үміт сапарында өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Сайын Назарбекұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үміт сапарында өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері