Тозақтың елестейді ұшқындары

Бұл бетте «Тозақтың елестейді ұшқындары» атты Дәулетбек Байтұрсынұлы жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 10.03.2021
  • 0
  • 0
  • 737
Өліммен бітер болса қасіретің,
Сүйектен сыпырылып жасық етің.
Қажеті қанша дейсің қорқыныштың,
Аузыңа құйылса да тасып өтің...
Шаттығың қайғы-мұңың өлімменен,
Тиылса, ендігәрі көрінбеген
– Жөн – дейсің!
Олай емес, жалғасады...
Еркіңмен жата алмайсың қабірде кең.
Тәңірге тәнің өліп, жан қайтады,
Молаңды дөң басына жарбайтады.
Күнәңды азап келіп аралайды,
Рухың мәңгі бітпес зарды айтады...
Тоқтамас өлімменен істің бәрі,
Үскірік бойдан асар қыстың қары.
Жіберген пенделікпен қатемді ойлап,
Тозақтың елестейді ұшқындары...
Өліммен сарқылмайды соның бәрі,
Паспортым – «иман бар ма» қолымдағы.
Іздедім жан ұшыра жарық әлем,
Қуғыншым – мың әзәзіл соңымдағы.
Ешқашан қорықпаймын өлемін деп,
Тілеймін «иманы бар бер өлім» деп.
Аллаһқа ұнау үшін екі әлемде,
Күн кешем рухымның қорегін «жеп»...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Тозақтың елестейді ұшқындары өлеңінің авторы кім?

Дәулетбек Байтұрсынұлы — осы өлеңнің авторы.

Тозақтың елестейді ұшқындары өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Тозақтың елестейді ұшқындары өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Дәулетбек Байтұрсынұлы өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Тозақтың елестейді ұшқындары өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері