Үмітті күндер

Бұл бетте «Үмітті күндер» атты Қалампыр Кенжеғалиева жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 16.03.2021
  • 0
  • 0
  • 558
Қайрылмайтын артына заулайды күн,
Заулайды күн, есесін даулайды кім!
Емексітіп аспанды торлаған бұлт
Тағы көшіп бара ма жаумай бүгін?
Бір тамшы да қалдырмай сұр бұлт көшкен
Көктем өтіп барады, көктем, көктем!
Тамырланып үлгермей топырақта
Көктеместен қалар ма дәнім еккен?
Көктемеде көкте күн күліп тұрды,
Дәмеленіп шуақтан үміт тұрды...
Көктеп шыққан айқұлақ қос жапырақ
Таңғы шықпен беттерін жуып тұрды!
...Өлмеген құл жазға да жеткен екен,
Шықтан тамшы талғажау еткен екем...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Үмітті күндер өлеңінің авторы кім?

Қалампыр Кенжеғалиева — осы өлеңнің авторы.

Үмітті күндер өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

Үмітті күндер өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Қалампыр Кенжеғалиева өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

Үмітті күндер өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері