...тірі болсам – Табиғат Абаилдаев

Бұл бетте «...тірі болсам» атты Табиғат Абаилдаев жазған өлеңнің мәтіні берілген. Өлең тексті, өлең жолдары және толық нұсқасы осы жерде жарияланған.

  • 31.03.2021
  • 0
  • 0
  • 741
Қою қара іңір...
Менің көгім күрсінеді
Талып жетіп құлақтарға дауысы...
Қалаға әрең жеткен бұл дыбыс...
Жаңғыртады не себептен тау ішін...
Менің жаным түршігеді...
Қапас қала түрмесіне қамалып...
Еркіндікте жүріп-ақ...
Азаттықтағы бостандықтың...
Таппайды ешкім амалын...
Менің санам білсін нені...
Мишықтағы қатпарлар қозғалмайды...
Зіл басып, жарығы түнде өшкен...
...кеңістіктегі атмосфераның тылсымына еніп...
Ұйқының Өңінде тілдескен...
Менің ойым шашыраған...
Сәуленің жарығы...
...қосындылардың нәтижесінде сынаптай еріген...
...анығы -
Соқыр ғаламның...
Шарықтау шегіндегі Ұйқысымен...
Бейуақыт үндескен...
Менің әнім...
... қыстығып шыққан Музаның үні...
Әлдекімдерді мезі еткен...
Әлдекімдердің Ой-төбесін оттай қарыған...
Гипербола қосып сөз етсем...
Жөргекте жатып-ақ...
УЫЗ-ӨЛЕҢГЕ жарығам...
Менің кредом...
Сордың тілі...
Шерменен күнбе-күн санасқан...
Ұғынып қайғының байламын...
шаттықтың көгіне ұмтылып...
Жетпеген, бірақ та, күрескен, таласқан...
Менің бақытым...
Қара аспан...
Сәуледен ада-күде...
Мұңлы музыкамен сырласқан...
Қорқыттың қобызын асынып...
Өлімнен қашып...
едәуір қырды асқан...
ҚАРА аспан...
Көгіне шындықтың туы байланғанда...
Жырымды нотаның тілінде сайратып...
Шырқаймын шаттықтың шегінде Алашқа ән...
...тірі болсам...


Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

...тірі болсам өлеңінің авторы кім?

Табиғат Абаилдаев — осы өлеңнің авторы.

...тірі болсам өлеңінің толық мәтінін қайдан оқуға болады?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтінін және текст нұсқасын онлайн оқуға болады.

...тірі болсам өлеңі не туралы?

Бұл өлеңде Табиғат Абаилдаев өз ойы мен сезімін көркем түрде жеткізеді.

...тірі болсам өлеңінен үзінді бар ма?

Бұл бетте өлеңнің толық мәтіні, шумақтары және өлең жолдары ұсынылған.

Осы автордың басқа өлеңдері